Бейнелері бедерленді

0 24

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» тұжырымдамасы аясында елордада қоғамдық орындар мен аулалар көз қызығып қарайтын әсем түрге еніп, абаттандырылуда. Әсіресе, қаладағы бірқатар көпірлер астындағы арт-кеңістік заман талғамына сай безендірілді. Соның бірі ретінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы көпірдің астында орналасқан арт-кеңістікте стритбол, коньки, үстел теннисі және workout алаңы салынды.

Жобаның идеясы – жұртшылықты спортқа үндейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға басымдық беру керектігін айтқан еді. Бұл игілікті жұмыстарды соның бір жарқын көрінісі деуге болады. Осы алаңда бұқаралық спортты дамытуға бар мүмкіндік қарастырылған. Сонымен бірге серуендеп немесе спортпен шұғылдануға келген адамдар осы алаңнан отандық және шетелдік танымал спортшылардың граффитиін тамашалайды. Онда кәсіби қазақстандық теннисші Зарина Дияс, америкалық баскетболшы Джеймс Леброн бейнеленген. Сондай-ақ қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, баскетболшы Әлжан Жармұхамедовтің бейнесін де көресіз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − five =