Бейбіт заман батырлары

0 36

Ұлттық академиялық кітапханада әлемді ғана емес, елімізді де алаңдатқан жұқпалы індетпен күні-түні кірпік қақпай күресіп жүрген, бейбіт заманның батырларына арналған «Елге саулық, дәрігерге құрмет» атты кітап көрмесі ашылды.

Көрмеге медицина саласы бойынша, әсіресе, пульмонология және жұқпалы аурулар жайында кітаптар мен мерзімді басылымдарда жазылған мақалалар қойылды. Сонымен бірге коронавиурс пандемиясымен сырқаттанған науқастарды емдеп жазуда, батылдық пен төзімділік танытып, ерлік көрсетті деуге болатын ақ халатты абзал жандардың ғылыми еңбектері мен марапаттары, жеке заттары көпшілікке ұсынылды. Ізгілікті шараның ашылуында Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Гүлназ Төленқызы, Травматология және ортопедия институты директорының орынбасары Мейрам Баубеков, белгілі қаламгер Баянғали Әлімжанов секілді бір топ азамат сөз алып, медицина мамандарының жанкешті ерлігі туралы салмақты ой өрбітті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − eleven =