Беделсөз

0 85

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президентi:

-2004 жылдан берi үш мың шаршы шақырым аумақ оңалтылды. Үш мемлекет бүлiнген жердi сауық-тыру, қауiпсiздiктi сақтау, ядролық материалдарды таратпауда үлгi боларлықтай бiрлескен жұмыс атқарды. Бiз бұған дейiн 1 100 оқтұмсықты баллистикалық зымырандардың қондырғылары мен инфрақұрылымды жойдық. Қазақстан халқы Ресей мен АҚШ-қа осындай көмек көрсеткенi үшiн ризашылығын айтады.

Барак ОБАМА,
АҚШ Президентi:

-Бүкiл бiрлескен жұмыстардың бәрi ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың лидерлiгi мен қазақ халқының қосқан үлесiнiң арқасында сәттi жүзеге асты. Қазақстан басшысы полигон жайында, тығыз ынтымақтастық туралы жан-жақты айтып кеттi. Семейдегi сынақ алаңы расымен де, Ұлы Отан соғысы кезiнен берi үлкен мөлшердегi ядролық материалдар сақталған орын болатын. Бұл материалдардың бәрi контрабанданың қолына оңай түсуi мүмкiн едi. Тиiмдi ынтымақтастық-тың нәтижесiнде бiз олардың қауiпсiздiгiн сақтай бiлдiк.

Дмитрий МЕДВЕДЕВ,
Ресей Федерациясының Президентi:

-Ендi қауiптiң бетi қайтты, Семей полигоны мүлде басқа. Қазақстан болашағына алаңдамай, дамуын жалғастыра бермек. Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа бұл мiндеттi шешуде белсендiлiк көрсеткенi үшiн зор алғысымды айтқым келедi. Менiң ойымша, бұл бағыттағы ынтымақтастығымызды тереңдете түсу өзге елдерге ядролық қауiпсiздiктi сақтау iсi бойынша үлгi бола алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + 7 =