Беделді ұйымға мүше болуға әзірміз

0 83

Биыл Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы  әбден мүмкін.

Мұндай болжамды басқа емес, осы ұйымның бас директоры Паскаль Ламидің өзі жасап отыр.

– Бүгінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздері пісіп-жетілу кезеңінде тұр. Сондықтан бұл елдің биыл ДСҰ-ға мүше болуын күтуге әбден болады, – дейді Лами мырза Мәскеуде өткен қаржыгерлер мен экономистердің Гайдар форумында.

Еліміз ДСҰ-ға кіру қамына 1996 жылдан бастап кіріскен болатын. Бүгінде Қазақстан аталған халықаралық ұйымға Ресей және Беларусь елдерімен бірге бірыңғай кедендік одақ болып кіруді көздеп отыр.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 8 =