БАЗАРЛАРДАҒЫ ЗАҢСЫЗДЫҚҚА КІМ КІНӘЛІ?

0 124

IMG_9880

 «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жем­қор­лық­қа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің кеңей­тілген мәжілісі өтті.

Алқалы жиынды ашқан аталмыш­ қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Рамазан Сәрпеков жұртшылықты күн тәртібімен таныстырды. Бұл жолы кеңес мүшелері Астана қала­сын­дағы базарлардың жұмысын қада­ғалайтын өкілетті мемлекеттік орган­дар­дың жұмысын талқылады.

Баяндама жасаған «Нұр Отан» пар­тия­сы филиалы жанын­да­ғы жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Дәулеткерей Рахметуллин елорда аумағында барлығы 24 базар жұмыс ісетйтінін, олардың көпшілігі жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген міндеттемелерін орындамай отырғанын сынға алды. «Сауда нүктелерінің көпшілігінде өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Санитарлық талаптарға да сай келмейді. «Он олжа», «Ажар», «Нұр», «Бақ» сынды базарлардың қызметі тіптен заңсыз. Бұлардың бәрі бұрыннан жұмыс істеп келе жатқанын ескерсек, мұнда сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасалуы ықтимал» дейді Дәулеткерей Рахметуллин.

Әнеугүні Астананың Орталық базарында сауда жасайтын жеке кәсіпкерлер жөн-жосықсыз салын­ған айыппұл мен арендалық төлем­нің орынсыз қымбаттауына нара­зы­лығын білдірген еді. Осыған байланысты партияның елордалық филиалы көшпелі мәжіліс өткізгенін атап өткен Дәулеткерей Рахметуллин мәселе кәсіпкерлердің ыңғайына қарай шешілгенін жеткізді. Сондай-ақ, жарыққа байланысты төленетін артық төлемнің дауы да басылып, әр кәсіпкерге жеке есептегіш құрыл­ғы­сын­ орнатуға құжаттамалар әзірлене бастапты.

Жиында Астана қаласы Төтен­ше жағдайлар департаменті басшы­­сы­­ның­ орын­басары Барат Дұзақбаев, Астана қаласы бойынша Тұтыну­шы­лар­дың құықтарын қорғау депар­таменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Федор Пеев және елордалық Сәулет және қала құры­лы­сы басқармасының басшысы Виталий Силецкий өз салаларына қатыс­ты атқарылып жатқан іс-шара­лар туралы баяндады.

Бұдан кейін «Нұр Отан» партия­сы Астана қалалық филиалы жем­қор­лыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Рамазан Сәрпеков жиында қабылданған қаулыны жария етті. Бұл құжат бойынша бақылау-тексеру жұмыстары нәтижесінде Астана қаласының маман­дандырылған ауданаралық эко­но­микалық сотына базарлардың жұмысын тоқтату туралы 8 арыз жібе­ріл­гені айтылған. Сондай-ақ, уәкі­летті мемлекеттік органдарға кем­ші­ліктерді уақтылы жою бойынша бақылауды күшейту ұсынылып, базар әкімшіліктеріне де бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Қымбат НҰРҒАЛИ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + one =