«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Базарда баға тұрақты

0 103

10-20 теңгелік өзгерісті есепке алмағанда, елорда базарында қазір баға, негізінен, тұрақты. Азық-түлік қоры да жеткілікті деңгейде.

цены на продукты 282

Мысалы, күнбағыс майы дүйсенбіде «Шапағат» базарында 780 теңгеге саудаланса, бүгін сөреде 800 теңгеге тұр. Ал «Көк базарда», керісінше, дүйсенбіде 800 теңгеге сатылса, жұма күні 790 теңгеге алуға болады. Күнбағыс майы күні кеше арзандаса, бүгін, міне, қайта қымбаттады.

«Азық-түлік бағасын ауыстырып үлгермейсің. Өткенде май 20 теңгеге арзан еді. Қайта қымбаттады» деді «Шапағат» базарында азық-түлік сататын Күнсұлу апа.

Дегенмен көктемде елімізде бағаның шарықтап шыға келетіні бар. Әсіресе, сәбіз және басқа көкөністердің бағасы өткен жылы 700 теңгеге дейін көтеріліп, елдегі тапшылықты жою үшін шетелден сәбіз импорт етуге мәжбүр болған едік. Алайда «биыл азық-түлік, көкөніс қоры жеткілікті» дейді мамандар.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды