БАУЫРЫНА БҮЙРЕГІ БҰРДЫ

0 234

Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы. Дәрігерлер жылдың алғашқы трансплантациялық операциясына дайындық үстінде.

Операция бөлмесіндегі өлім мен өмір арпалысқа түсетін қос кереуетке бұл жолы апалы-інілі Патша­йым мен Күмісбек Аманқұловтар жайғасты. Нағыз тепсе темір үзетін шағында қос бүйрегі де істен шыққан Күмісбек ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген болатын. Терминалды бүйрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққан оның өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы ауру бүйректің орнына донор бүйрегін салу еді.

Түйін:

Астанаға келген шетелдік дәрігердің бірі «Медицина саласының деңгейін «еліңізде трансплантация жасала ма?» деген сауалдың жауабынан-ақ бағамдай беруге болады» деген-ді.

Өйткені, трансплантация жасауды меңгерген маманы бар елдің медицинасының осал болмағаны.

Осы сұрақты біз алдымен өзімізге қойып көруді ұйғардық.

Көз жүгіртіп, құлақ түрсек, отандық трансплан­толо­гия саласындағы соңғы жаңалықтардың легі мынадай екен:

«44 жастағы Игілік Қизатов есімді азамат 4 жасар қызы Ажардың өмірін сақтап қалу үшін бір бүйрегін берді».

«Бауыр циррозына шалдыққан Ермек Мұқыровқа жары Ольга Юрченконың бауырының жартысы трансплантацияланды».

«Жүректің жазылмас дертіне шалдыққан қоста­найлық Жәнібек Оспановқа инсульттен көз жұмған 46 жасар Галина Воротникова атты әйелдің жүрегін салды». Бір қуанарлығы, операциялардың бәрі отандық дәрігерлеріміздің қолымен жасалыпты. Тағы бір қуантар тұсы, тәуекел етіп пышаққа түскен жандардың дені аяғынан тік тұрып кеткен.

Бүгінде еліміз бойынша бүйрек трансплантациясына мұқтаж 3 мыңдай жан бар екен. Қазіргі таңда олар диализдік құрылғыға таңылып, өмірінің санаулы күндерін өткізіп жатыр. Бұл құрылғының міндеті бүйректің қызметін атқарып, адамның қанын тазалап, өзіне қайта құяды екен. «Аптасына үш рет 4-5 сағаттап осындай процедураларды өткеруге мәжбүр жандардың өмірін тек донор бүйрек қана ұзарта алады» дейді дәрігерлер. Тек, Патшайымдай бауырына бүйрегі бұратын жандар көп болса ғой.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − ten =