Бауырластық аллеясы ашылды

0 14

Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында Қазақстан-Түркия бауырластық аллеясы ашылды.Аллеяға бауырлас елдердің өзара қарым-қатынасының әр жылын сипаттайтын 30 тал ағаш отырғызылды. Ашылу салтанатына Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи, Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Рашад Мамедов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Сыртқы істер министрлігі департамент директоры Оңталап Оңалбаев және Нұр-Сұлтандағы түрік қауымдастығының өкілдері қатысты.
– Түркия Республикасы – елімізді егемендік алғаннан бері қолдаған мемлекеттердің бірі. Бауырлас елдің қолдауы біз үшін қашанда маңызды. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы Түркиямен қарым-қатынасы ынтымақтастық, өзара қолдау және сындарлы әріптестік аясында нығайып, дамып келеді. «Қазақстан-Түркия бауырластық аллеясы» Қазақстанның Тұңғыш Президенті ­Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды жасыл елге айналдыру бастамасы аясында ашылды. Аталмыш іс-шара екі ел арасындағы достық байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Түрік тарапынан және айтулы іс-шараның барлық қатысушысына қаламызды көгалдандыру ісіне қосқан үлесі үшін алғыс айтамын,

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =