Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бауырлас қала басылымдарынан

0 208

Келесі жылы Түркия әскери кеме жасаушы әлемдегі бес-алты мемлекеттің қатарына қосылуға үмітті.

ЫСТАНБҰЛ:

Әскери кеме шығарады

«TGG Anadolu» атты шағын эсминец құрылысының 90%-ға жуығы дайын екенін таяуда Ыстанбұл, Мәрмара, Эгей, Жерорта және Қара теңіз кәсіпкерлер палатасының төрағасы Метин Калкаван мәлім етті. Құны 1 млрд доллар болатын кеме құрылысы 2016 жылы қолға алынған еді. Алғашқысы құрастырылып бітуге таяу. Одан кейін теңіз айлағына шығарып, сынақтан өткізеді. Жабдығының 68%-ы­ Түркияда жасалған әскери кеменің ұзындығы – 252 метр, ені – 32 метр, ал биіктігі 55 метр болмақ. 114 бөліктен тұрады. Тек әуе эскадрильясын таситын эсминец қана емес, ашық теңіз үстінде ұрыс жүргізуге мұрсат беретін арсеналы жағынан да шетелдік кемелерден кем түспейді деп күтілуде.

Hurrietdailynews.com, 24.03.2018

БЕЙЖІҢ:

Өзегі талған өзен тазалайды

Бейжің қаласын шарбыған және қалаға таяу жатқан барлық өзен-көлдер жыл аяғына дейін тазартылады.

Су шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, қала аумағында санитарлық жағдайы сын көтермейтін 140-тай өзен сағалары мен шағын өзектер, көлдер болса, бүгінге дейін соның 57-сі тазартылды. Бұл тек экологиялық ахуалды жақсарту үшін емес, халқы құмырсқадай қаптаған алып шаһардың ауызсу қажеттілігін өтеу үшін де маңызды. Бейжің халқы жылына шамамен 1 млрд текше метрден аса тазартылған су тұтынады. Сол үшін соңғы жылдары қала басшылығы 50-ге жуық су тазарту стансасын салды. Оған қоса, 2014 жылы «шығыстан – батысқа су бұру» мега-жобасының арқасында Қытай астанасына қосымша 3,22 млрд текше метр су жеткізілді. Қолдан жасалған канал Қытайдың Хубей провинциясындағы Данжияңкоу тоғанынан бастау алып, Хенан, Хубей провинцияларын көктей өтіп, Бейжің мен Тяңжиңге жетеді. Жалпы алғанда, қаланы сумен қамтамасыз ететін жүйені бақылау үшін 5900 адам тағайындалды. Әлемдегі ең үлкен шаһардың «аква-арналарын» тазарту биыл 22 наурызда – Дүние жүзілік су күніне орай басталды. «Судың да сұрауы бар» деген осы.

www.china.com.cn
24.3.2018

ТАШКЕНТ:

Француздар көмектеседі

Француздың «Veolia» компаниясы Ташкент пен Наманганның су бұру және кәріз жүйесін модернизациялауға атсалысады.

Кеше Өзбекстан үкіметі су ресурстары мен қуат үнемдеуге және тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге маманданған «Veolia» компаниясымен меморандумға қол қойды. Келісімшарт бойынша компания екі қаланың жылу, су-кәріз жүйесін 25-30 жылға жалға басқаруға алады. Осы уақыт аралығында компания коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртып, халықаралық техникалық және экологиялық стандарттарға сай келтіруі тиіс. Алдын ала болжам бойынша, жоба толыққанды жүзеге асқан жағдайда Наманганның жылу жүйесінен жылына 24,5 миллион табиғи газ үнемдеуге болады. Оны экспортқа шығарудан компания 3,5 млн доллар қосымша пайда таба алады. Ал Ташкенттің су-кәріз жүйесіне шығындалатын энергияны үнемдеу арқылы жылына 6,3 млрд сум қаржыны желге ұшудан сақтауға болады. Көршілеріміздің соңғы жылдары протекционистік саясаттан бас тартып, экономикасына трансұлттық компаниялардың инвестиция салуына жағдай жасап жатқаны қуантады. Өзбек үкіметінің мәлімдеуінше, бұл әріптестік Өзбекстанның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялаудың басы ғана.

«Вечерний Ташкент»
(«Тошкент Окшами»), 26.03.2018

ҚАЗАН:

Туристерді татарша күту

Төрт жылда бір келетін мундиаль қарсаңында Татарстан билігі туризм саласына айрықша көңіл бөліп отыр. Жақында республиканың Туризм жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Туризмді дамыту орталығы «Татарстан: 1001 ләззат» арнайы туристік маршрутын көпшілікке таныстырды.

Шығыс халықтарына ортақ «1001 түн» ертегісін еске салатын бірегей туристік бағдарлама татарлардың маңдайға басар мақтаныштарын түгел қамтуға тырысқан. Нақтырақ айтқанда, қалтасында 26-41 мың рублі бар ортаңқол туристің аяғын жерге тигізбей 4 күн, 3 түн күтіп, ағылшынша айтқанда «уау эффект» (wow effect), татарша айт­қанда, «абау эффект» (абау – тат. «ой, ойбой» деген мағынаны береді – ред.) туғызуды көздейді. Сонымен Қазанға бара қалсаңыз, сізді не қызық күтіп тұр?
Бірінші күні туристі арнайы топ күтіп алып, қалтасына қарай 3-5 жұлдыз аралығындағы қонақ үйлерге жайғастырады. Мейманға қонақ үйді таңдау еркіндігі беріледі. Сосын қаладағы ең үздік саналатын «Мархаба» мейрамханасына апарып тамақтандырады. Қазан кремлін, Құл Шәриф мешіті мен Благовещенск соборына экскурсия жасатады. Сондай-ақ, туристер Сүйімбике патшайым образындағы актердің баяндауында Қазан хандығының тарихына қанығады. Кешке таман татарлардың салт-дәстүрін таныстыру үшін «Туған авылым» этнокешеніне апарады. Екінші күнгі саяхат Свияж тарихи арал-қалашығында жалғасады. Мұнда туристер көксерке сорпасын ішіп, қыш шеберханасына, ұстаханаға бас сұғады. Үшінші күні Қазан қаласын яхтамен аралап, спа-кешенде солығын басып, ем-шара қабылдауына, ал тарих десе ішкен асын жерге қоятындар қала музейлерін аралап, Болгар қалашығына барып қайтуына болады. Соңғы күні туристер татар слободкасында аңыз-әфсана тыңдап, татар ұлттық ас мәзірінен дәм татады, әби-бабайымен (шал мен кемпірі) қол ұстасып «апипи» ұлттық биін билейді, татарша тіл ұстартады. Жергілік ішімдікке «іш тартқандарды» «Арыш мае» алкоголь дүкеніне, ал кәдесыйға көңілі бұрғандарды «Visit Tatarstan» бренд дүкеніне апарып, соңында сау-саламат айтып шығарып салады. Мұндай «олл-инклюзив» (all inclusive) қонақ күту әдісі туризмі дамыған елдердің көпшілігінде кездеседі. Іргедегі татар қардаштар да оңайдан оңғақ тауып, жат жұрттық туристерді осылай таңғалдырмақшы.

«Вечерний Казань»,
15.3.2018.

Әділбек ЖАПАҚ

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды