Бауырлас елдердің бағдары

Хасан ШАРИПОВ, Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығы төрағасы- ның орынбасары

0 57

Осы күндері барша ғаламды тұралатып, әлі де болса құрсауында ұстап отырған індетті кезеңді бастан кешіп отырмыз. Мына дүние бір түйір тарының қауызына сыйып кеткендей жағдайды бастан кешірдік, әлі де алаңдап жүрміз. Осылайша әлемнің тұрақты дамуының жер шарындағы әрбір адамның бақуатты өміріне тікелей қатысы барына тағы көзімізді жеткіздік. Демек, бұдан да бір-бірімізге тірек болып, бірлесе отырып шыға аламыз.Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі немесе қысқартып айтқанда Түркі кеңесінің жұмысы айтқан ойымызды нығыздай түсті. Осыдан бір мүшелдей жыл бұрын осы кеңестің маңыздылығына мән беріп, оны құру бастамасын көтерген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел келешекті көздегенін айта кету керек шығар.
Түбі бір түркінің бүгінгі ұрпақтары жасап жатқан егемен елдердің туын желбіреткен жиынның жұмысына көңіліміз толды. Мемлекет басшылары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарамыз дегендей, саяси дипломатиядағы қадамын тағы да саралап, бағдарын анықтай түсті. Бұл бауырлас елдер арасындағы барыс-келісті жеңілдететін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен қатар, қиын кезеңде бір-бірінің қасынан табылып, қиындықта қалдырмай қатар жүретінін дәлелдеуімен де маңызды болды. Мұндай келісім мен бауырластықтың құны сындарлы сәтте арта түскенін айтқым келеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =