БАУЫ БЕРІК БОЛСЫН!

0 163

Өткен жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда Астанадағы жалпы бала туу көрсеткіші 8,7 пайызға артыпты. Бұл туралы мәліметті қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары таратты. Халықтың табиғи өсімі жөніндегі басқарманың ай сайынғы мәліметін газетімізде тұрақты жариялап келеміз.

Жыл басынан бергі деректерге сүйенсек, елорда демографиясында динамикалық өсу қарқыны байқалады.

Атап айтқанда, шілде айында қалада жал­пы саны 1855 бала дүние есігін ашты.

Оның 926-сы ұл, 929-ы қыз бала. 21-і егіз. Алдыңғы аймен салыстырғанда көрсеткіш 100-ден астам балаға артып отыр.

Басқарма басшылығының айтуын­ша, Астанада ана мен бала денсаулығы жақсарып, халықтың орташа өмiр сүру ұзақтығы артып келеді.

Ал, Астана қаласының Статистика департаменті басшылығы дәл бүгінгі күні қала халқының саны 758007 адамды құрап отырғанын айтады.

Тұрғындардың 364863-і, яғни, 48,2 пайы­зы Алматы ауданына тиесілі, 97237-сі, яғни, 12,8 пайызы Есіл, 295907 адам, яғни, 39 пай­ызы Сарыарқа ауданы аумағының еншісінде.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + one =