Батыр Бауыржанға арналды

0 71

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай халқымыздың ержүрек ұлдарының бірі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына арналған «Батыр Бауыржан» атты композициясын орындады.Бұл күрделі туындының музыкасын аталған этно-фольклорлық өнер ұжымының көркемдік жетекшісі, талантты композитор Шолпан Қорғанбек жазған. Шығарма үш бөлімнен тұрады: бірінші – батырлық-драмалық бөлімде соғыстағы қиян-кескі шайқастар суреттелсе, екінші – лирикалық бөлімде қаһарман атамыздың ішкі жан-сарайы өріледі, үшінші – өмірлік бөлімде майдандағы жеңіске жету жолдары бейнеленеді. Шығармада батырдың тыңдаған адамға рух беретін отты өлеңдері де оқылады.
Айтпақшы, ержүрек тұлғаның айбынды болмысын шынайы бедерлеген туынды былтыр жазылыпты. Ол алғаш рет сол жылы Таразда өткен «Көне Тараз күмбірі» І республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер байқауында орындалып, өнерсүйер қауым жылы қабылдаған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 15 =