Батамен көгерген «Балапан»

0 89

Кеше №41 «Балапан» балабақшасында Наурыз мерекесiне арналған музыкалық кеш өттi.
Шарада балабақша бүлдiршiндерi тақпақ айтып, ән шырқады. Халық әнi «Бипылдың» әуенiмен би биледi. Қонақтарға тәрбиеленушiлер айтыс өнерiнiң үлгiсiн көрсеттi. Сондай-ақ, балабақша ұжымы ұлттық дәстүрiмiзден көрiнiс қойып, Қызыр ата кейпiндегi ақсақал балаларға ақ батасын бердi. «Тәрбиешiлерiмiздiң барлығы – дерлiк балдырғандар. Сондықтан болар, осындай игi шараларды жиi ұйымдастыруға құмартып тұрамыз. Бүлдiршiндерiмiздiң арасында өзге ұлт өкiлдерiнiң де ұл-қыздары бар. Олардың да былдырлап қазақ тiлiнде сөйлегенiне қуанамыз», – дейдi мекеме меңгерушiсi Ажар Қуанышбайқызы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + 7 =