БАТА АЛҒАННЫҢ БАҒЫ АРТЫҚ

0 230

Қазақта «Ақсақалына қарап, ауылын таны» деген­ сөз бар. Түтіні түзу ұшқан,береке-бір­лі­гі, ынтымақ-ырысы артқан елім­нің биік белестерді ба­ғын­ды­руы аузы дуа­лы­ ақ­са­қалдарымыздың ақ­  ба­та­сының арқасы деп бі­ле­мін.­ 

Біздің ауылда Убайдулла деген­ қа­­­рия­ бар. Тәжірибесі мен та­ғы­лы­мы, өмір­ден­ түйгені мол жан. Тың­дар­ құ­лақ бол­са, ақсақалдың аузынан шық­қан әр­­­бір­­ сө­зі­ адам­ға­ нағыз тәрбие мек­тебі бо­лар­лық­тай.

Балалық шағы сұрапыл соғыс жылда­ры­на дөп келген ол еңбекке ерте ара­ла­­са­­ды.­­ Мектепті бітіре салысымен­ кө­лік­ жүргізуші мамандығын игерді. Ас­тын­да­ғы­ темір тұлпарымен Қа­зақ­­с­тан­ның­ барлық облыстарында,­ Ресейдің бір­қатар қалаларында бо­лып­­ты. Ақ­мо­ла астана болмай тұрып қа­рия­ның­ айтқаны бар еді. Ұзақ сапарлардың бі­р­ін­де­ жолы түсіп Ақмола өңіріне ба­­ра­­ды.­ Бабалардың ерлік іздері сай­­рап­ жат­қан,­ орта ғасырда Бозоқ се­­кіл­ді­ алып қала бой түзеген Арқа то­пы­ра­ғы­нан­ тағы да сондай шаһар тұр­­ғы­зыл­са­ деген ой сол кезде-ақ қы­лаң­ береді. Сол ойы қас пен көздің ара­сын­да­ шындыққа айналып, Есілдің бой­ы­нан­ бүгінде Астанадай алып қала бой­ көтерді. Жақында жары Несібелі, ұлы­ Әубәкір, немересі Бақдәулет үшеуі­­ Астанаға арнайы барып қайтқан ол­ қаланың сәулетіне таң қалып кел­ді.­ Елордадан көрген-білгендерін ауыл­­­дас­­та­­ры­­на­­ әлі де айтып тауы­са­ ал­мау­да.­ «Астананың бүгінгі кей­пі­ Ота­­н­ы­­мыз­­дың­ кемелденіп, ел­ ыры­сы­ның­ артқанының белгісі. Ас­та­на­да­ жүзеге асырылып жатқан жа­ңа­лық­­­тар­­ға­­ шетелдіктердің өзі таңдай қақ­қа­нын­ көр­дім»­ дейді. Бас қаланың өмі­рін­де­гі­ әрбір жаңалыққа елеңдеп оты­ра­тын­ біз де ақсақалды тыңдаудан жа­лық­пай­мыз.­ Мыңдаған шақырым жер­ден­ бас қаланың бас газетіне хат­ жол­дау­да­ғы­ негізгі мақсатым – ақ­са­қал­дың­ Астанаға арнаған жү­рек­жар­ды­ лебізінің бір шумағын елор­да­лық­тар­мен­ бөліссем деген ниет еді менікі.

Сәулетті,биік болсын қалаларың,
Білімді, зерек болсын балаларың,
Санаға құй ғылымның салаларын,
Дәстүрін жалғастырсын ба­ба­лар­дың.­

Әмірхан ІЗБАСАРОВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,
Абай ауылы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four − 3 =