Басты міндет – тұрғындарға көмектесу

0 54

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді. Қала басшысы тұрғындардың әлеуметтік баспана, медициналық көмек, жұмысқа орналасу, қосымша білім алу және тағы басқа сауалдарына жауап берді.«Бүгін азаматтарды онлайн қабылдадым. Бір топ аналар жұмысқа орналасу және өз кәсібін ашу мәселелері бойынша өтініш білдірді. Біздің міндетіміз – тұрғындарды жұмысқа орналас­тыруға, қосымша білім алуына көмектесу. Еңбектену қажет. Бұл болашақта өз ісін ашуға және бірнеше тұрғын үй бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді» деп жазды Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында.
Елорда әкімі азаматтарды қабылдауға арналған тұрғындардың электрондық карталарының қанатқақты жүйесі іске қосылғанын хабарлады. «Жүйе тұрғындар жүгінген мәселелерді шешу мәртебесін көруге және бақылауға мүмкіндік береді» деп түсіндірді А.Көлгінов. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында елорда басшысы биыл 500-ден аса адамды жеке қабылдады. Өтініштердің бір бөлігі қабылдау кезінде шешімін тауып, қалғаны бақылауға алынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + twelve =