Басты мақсатымыз – балалардың спортқа қызығушылығын арттыру

0 160

Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі, Астана қ. Әкімшіліктің қолдау көрсетуімен «Астана-Арена» және «Астана-Барыс» стадиондарының басшылықтары меморандумға қол қойды. Соның арқасында қазан айынан бастап жасөспірімдер футбол және хоккей ойындарына баруды бастады.

14993339_332799387100592_1057793869214799839_n

Жүзге жуық кәмелет жасқа толмаған балалар «Барыс» (Астана қ.) пен «Слован» (Братислава қ.) арасындағы құрлықтық хоккей лигасы чепионатын көруге барады. Матч соңында балалар танымал хоккейшілермен тілдесіп, суретке түсулеріне мүмкіндіктері бар.

«Балаларды спорт түрлеріне апаруымызға әкімшілік оңай колдау көрсетті, сондай-ақ осындай оңтайлы іс-шараларды алдағы уақытта жалғастырамыз. Біздің басты мақсатымыз – балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, алға қойған мақсатына қол жеткізген спортшылардың өмір тәжірибелерінің балаларға түрткі болуын мысал ретінде көрсету. Кім білсін, бәлкім осы спорт іс-шараларының билеті біреудің өмірдегі бақытқа деген жолдамасы болар» – дейді Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 12 =