Басты мақсат – халық денсаулығын қорғау

0 38

Таяуда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары Қарақат Абден және Илья Мещеряков қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовпен кездесіп, қазіргі қысылтаяң шақта халықтың денсаулығын қорғау мәселесін талқылады. Өз ұсыныстарын жеткізді.

– Індетке қатысты соңғы ақпараттар бізді үміттендіріп отыр. Бірақ індеттің беті қайтты деуге әлі ерте. Қайта осы кезеңді пайдаланып, келесі болуы ықтимал толқынға жан-жақты да­йындалуымыз керек, – деді Қ.Абден.
Депутаттар осы жазда орын алған дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, ИВЛ аппараттарының тапшылығы, жедел жәрдем көліктерінің кешігуі ­сияқты мәселелерді көтерді. Басқарма басшысы қазір ол жұмыстардың жолға қойылғандығын, келуі мүмкін жаңа толқынға барынша дайындалып жатқанын айтты.
Қ.Абден денсаулық сақтау саласы бойынша барлық ақпараттар жинақталатын ахуалды орталықты ашу қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, мұнда ауруханадағы бос орындар саны, қажетті құрылғылар жағдайы көрсетілуі тиіс.
– Індет басталғанда осы ақпараттар халыққа жетпеді. Нәтижесінде денсау­лық саласындағы жұмыс тұралап қалғандай болды, – деді депутат.
Артынша депутаттар қалалық бюджетті нақтылау кезінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына дәрі-дәрмек пен КТ, өкпеге ауа жеткізу сияқты қажетті аппараттарды, вакциналарды сатып алуға қосымша 389,5 млн теңге бөлінуін қолдады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 6 =