Бастамалар байламы

0 34

Нұр-Сұлтан қаласының Ардагерлер кеңесі ҚР Президентінің халықтың әл-ауқатын арттыру туралы бастамаларына қолдау білдірді.
Қалалық Ардагерлер кеңесі елордалық белсенділермен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы пікірталас ұйымдастырды. Қатысушылар алдында қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сәрсенбай Мыңбаев сөз сөйледі. Ол Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, нақты міндеттер қойып, Үкіметке, мемлекеттік және атқарушы органдарға оларды уақытында жүзеге асыруды тапсырғанын атап өтті. Кездесуде сөз сөйлеген ардагерлер Президенттің бұл Жолдауында елдегі жағдайға терең талдау жасағанын, кемшіліктер туралы ашық және нақты айтқанын, оларды жоюдың жолдарын көрсеткенін атап өтті. Ардагерлер Президенттің «экономика халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеуге міндетті» деген сөзін қолдайды.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, білім деңгейін көтеру, халық денсаулығын нығайту және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бастамаларын қолдады.
Жиналыста сөз сөйлегендер аға буын өкілдеріне, тұрғындарға, әсіресе жастарға Президент Жолдауының басым бағыттарын жеткізу және елдің даму бағытын қолдау, сондай-ақ қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға белсенді қатысу қажеттігін атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + six =