Басқарма бюджеті бекітілді

0 19

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының шығыстарына үш жылдық кезеңге 5 млрд 802,2 млн теңге, оның ішінде 2022 жылға 1 млрд 934,1 млн теңге бөлінді.

68606f6da685b1ec508fad985b4ca26f_L

Бұл туралы қалалық мәслихатта Батыр Котыревтың төрағалығымен өткен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында айтылды. Комиссия төрағасы қалалық орта сапасын басқару бойынша бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану бойынша сұрақтар бар екенін айтты. Мысалы, қала ішінде шомылуға арналған 4 орын белгіленген, бірақ адамдар шомылудан қорқады, себебі бұл жерлерге лас сулар құйылады. Бұл мәселе өңірлік қоғамдық кеңестің отырысында екі рет көтеріліп, басқармаға, Астана су арнасына тапсырмалар берілген. Сорақысы, лас суларды ассенизаторлық машиналар әкеліп төгеді. Өңірлік кеңес мүшелері көмек көрсетуге дайын, бірақ бұл – басқарманың және ведомстволық бағыныс­ты ұйымдардың лауазымдық міндеттері.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов берілген өтінімге сәйкес бюджет пысықталғанын, қалыптастырылғанын және депутаттарға келісуге ұсынылғанын баяндады. Комиссия төрағасы қалалық баспанада жануарлардың қандай жағдайда ұсталатыны туралы сұрақ қойды, жануарларды асыраудың жаңа тәсілдерін ұсыну қажет. Елорданың «жасыл белдеуінде» иесіз иттер көп, олар қазір жасыл аймақтың фаунасына қауіп төндіреді, қояндарды жояды, ұяларын бұзады. Мәслихат хатшысы басқарма басшысына жануарларды асыраудың халықаралық тәжірибесін зерделеуді ұсынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =