БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫ ЕСЕП БЕРЕДІ

0 79

Астанада «Белсенді азамат» акциясы аясында ашық есік күні өтеді. Оған барлық қалалық басқармалардың басшылары қатысады.

Кездесу барысында тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында инфрақұрылым жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізе алады. Сондай-ақ, басқармалардың басшылары былтыр атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, осы жылға арналған жоспарларымен бөліседі. Шаһар тұрғындары өз сұрақтарын ауызша және жазбаша түрде жолдай алады.

«Біз тұрғындармен жеке кездесіп, елорда әкімдігінің ресми сайтындағы (www.astana.gov.kz) «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары арқылы келіп түсетін сұрақтарға жауап береміз» дейді Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов.

Іс-шара 10 ақпан күні Конгресс-холда ұйымдастырылады. Басталуы: 10.00.

astana-akshamy.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 10 =