Баспана жалға беріледі

0 9

Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй қоры «Халықтың әлеу­меттік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлады.

Пәтерлердің жалпы саны – 100, оның ішінде 30 пәтер «Жетім балалар» санатына арналған. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй «Пригородный» тұрғын алабында, Сарытоғай көшесінде орналасқан. Ай сайынғы жалдау ақысы – 5 000-нан 15 000 теңгеге дейін. Құжаттар 2021 жылдың 1-8 маусым аралығында қабылданды. Өтініштер электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады. Жобаның шарты бойынша «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатына жататын өтініш беруші Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұруы керек.
Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы ақпарат zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + 4 =