Баспана кезегіндегілерге көмек

0 10

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда баспана кезегінде тұрғандардың жалдық төлемі үшін субсидия қалай берілетінін түсіндіріп берді.

«Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында белгіленген тапсырмаларды орындау үшін арендалық төлемді субсидиялау механизмдерін әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындалады. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрғын үй қорының 30 пайызы – жалға берілетін үйлер. Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,7 пайызды құрап отыр. Қазіргі уақытта кезекте тұрған азаматтардың саны – 530 мың. Бұл ретте, тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау көзделген. Жұмыс көлемін мемлекеттік органдармен қарастырып жатырмыз. Бұл, шамамен 70-80 пайыз… Сонымен қатар атаулы көмекті «Отбасы банк» айқындайтын болады. Олар Қазақстанда тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың тізілімін түзеді» деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму минис­трлігі нақты параметрлерді айқындайды. «Азаматта күнкөріс минимумына тең кірісі болуы керек. Бүгінгі таңда ол сома 32 668 теңгені құрайды. Жалға беру уақыты – 5 жыл. Пәтерге мұқтаж азаматтың мәртебесі айқындалуы тиіс. Одан бөлек, орташа аумақ 60 шаршы метрді құрайды. Яғни берілетін пәтердің көлемі 40-80 шаршы метр аралығында болады. Әр өңірдегі пәтерді жалға беру сомасы анықталады. Қазіргі уақытта бұл механизм мемлекеттік органдардың бәрімен талқылануда. 2020 жылдың соңына қарай механизмнің барлық параметрі «Нұрлы жер» бағдарламасымен айқындалады. Біз Үкімет қаулысы арқылы оны қабылдаймыз. Бірақ, әлбетте, бұл мәселе мемлекеттік органдармен ғана емес, қоғам өкілдерімен де кеңінен талқыланады» деді министр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − three =