Баспана бағасы бақыланады

0 80

– Елбасы осы мәселенің себебін анықтауды ма­­ған тапсырған болатын. Сонымен қатар, бұл­ мәселемен үш бірдей мемлекеттік орган айналысады. Қазір біз бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жұмысты бастап кеттік.

Өз тарапымыздан агенттіктің жұмыс­­та­­рына тоқталатын болсақ, ірі құрылыс ком­­па­­­нияларының және қауымдастықтардың бас­­шы­­ларын шақырып кеңес өткіздік.
Ең алдымен, құрылыс та нарық екенін айта кету керек. Егер сатып алушы бар болатын болса, құрылыс компаниялары тұрғын үйдің бір шаршы метрін неше теңгеден сататынын өзі біледі. Бірақ, біз бағаны орташа жалақысы бар қаланың қарапайым тұрғындары баспана сатып алатындай деңгейге жеткізуіміз керек. Іс-шаралар жоспары бойынша, құрылыс материалдар құнына талдау жүргіздік. Кейін цемент, металл, ағаш, кірпіш өндірісімен айналысатын компаниялардың тізімін жасадық. Бұл ретте құрылыс материалдарын тасымалдаушыларды тексеруді де ұмытпауымыз керек.

Егер құрылыс материалдарын жеткізіп беретін логистикалық компаниялар араға делдал салатын болса, онда баға қымбаттайды. Олар бағаны қолдан өсіріп жатыр ма, жоқ па, соны анықтаймыз. Әрі құрылыс компаниялары тартып отырған жұмысшылардың жалақысын назарға аламыз.

Барлық іс-шаралар аяқталғаннан соң біз тұрғын үй бағасының қымбаттауына не себеп болып отырғанын анықтап, сол себеп-салдарлардың тізімін жасап, Елбасы мен Үкіметке ұсынамыз, – деді агенттік төрағасы Б.Қуандықов.

Айнұр ШОШАЕВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + two =