©2020 Астана Ақшамы
«Астана» «Нижний Новгородқа» есе жіберді
Өз ойынын әлі таппаған «Астана» баскетбол клубы тағы да жеңіліске ұшырады. ВТБ бірыңғай лигасының аясында өз жерінде Ресейден келген «Нижний Новгород» командасын қабылдап, 85:73 есебімен есе жіберді.
Жыл басындағы алғашқы матчтың алғашқы он минуты «Астананың» аздаған басымдығымен аяқталды. Бірақ екінші кезеңде қонақтар 4 ұпай алға ұзады. Одан кейінгі кезеңдерде алаң иелері қанша алға ұмтылғанымен, сәттілік жетіспей, ұшырған доптарын себетке қондыра алмады.
«Астана» сапынан ең нәтижелі болғандар – Джастин Картер – 20, Леонидас Каселакис – 14, Энтони Клеммонс – 12, Малькольм Грант – 8, Ларри Гордон – 5 ұпай.
«Астананың» келесі ойыны елордада 15 қаңтар күні Риганың «ВЭФ» командасына қарсы өтеді.
Орынбек ӨТЕМҰРАТ