Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Баскетболшылардың ойыны жүре бастады

0 184

«Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасында Беларусьтан келген «Цмоки-Минск» командасын 77:59 есебімен жеңді.

Қарсылас команда жаңа жыл басталғалы әлі жеңістің дәмін татып көрмеді. Ал астаналықтардың болса, керісінше, қарқындары күшейіп, жеңісті сәттері көбейді. Нәтижесінде плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндік туды.
Бұл кездесуде «Астананың» атын оздырып, ең нәтижелі ойын көрсеткендер 16 ұпаймен Леонидас Каселакис, 14 ұпай жинаған Ике Удано және 12 ұпайдан алған Энтони Клеммонс пен Ларри Гордон болды.
«Астананың» келесі ойыны 5 наурыз күні Қазақстан Кубогы шеңберінде «Тобылға» қарсы өтеді. Ал ВТБ аясында 11 наурыз күні «Химки» командасын қабылдайды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды