БӘСІ ЖОҒАРЫ «ВИЛЬЯРЕАЛ» БАСЫМ БОЛДЫ

0 153

ERA_9421

Бейсенбі күні Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде «Астана» командасы испаниялық «Вильяреал» командасымен кездесті.

«АИК» командасын айқын жеңіп, сенімді қадам жасаған «Астана» командасына жеребе бойынша тәжірибелі «Вильяреал» командасы тап келген еді. Өз алаңында өткен алғашқы кездесуге командасына қолдау көрсетуге 30 000 адамды қабылдай алатын «Астана Арена» стадионына 27 мыңнан астам жанкүйер жиналды.

«Астана» тегеурінді қарсыластың қарқынын тежей алмады. Қонақтарға 0:3 есебімен есе жіберіп алдық. Алғашқы таймның 33-ші минутында испандық Кани қақпамыздан саңылау тауып, сан соқтырды. Екінші таймда күштері еселеніп, екіленіп шығады деп үміттенген ойыншыларымыздың еңсесін Дос Сантостың тордағы добы түсіріп тастағандай болды. Ал, 83-інші минутта Гаспар голымен ойынның нүктесін қойды. Сөйтіп, қонақтар қоржынын ұпаймен толтырып қайтты.
Енді, қарымта кездесу Испания жерінде 28 тамыз күні өтеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + 8 =