Башқұртстанның Халық әртісі атанды

0 63

«Астана Опера» театрының жетекші солисі Әлфия Кәрімова Башқұртстан Республикасының халық әртісі атағына ие болды. Башқұртстан басшысы Радий Хабиров Қазақстанға үш күндік ресми сапары аясында марапатты әншінің өзіне табыс етті.

5715995425af9a97e52bc28150c04c8a

Әлфия астаналық театрда ашылған күннен бастап жұмыс істейді. 2015 жылы «Үздік әйел дауысы» аталымында The opera ball award сыйлығын алды. Әншінің қоржынында халықаралық байқаулардағы көптеген жеңісі бар. Соның ішінде Н.Римский-Корсаков атындағы (Санкт-Петербург, Ресей, 2006) және Ф.Виньяса атындағы (Барселона, Испания, 2007) халықаралық байқаулар бар. Өнерпаз – «Алтын маска» ұлттық театр сыйлығының номинанты (Ресей). 2007 жылы Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауының гран-при иегері атанды.

Әншіні халықаралық вокалистер байқауының қазылар алқасының мүшесі ретінде жиі шақырады. Ол Ұлыбританияда, Ресейде және Қазақстанда талантты әншілерді іріктеуге атсалысқан. Опера әншісі педагогикалық қызметпен айналысады. Қазақ ұлттық өнер университетінде вокал өнері және дирижерлеу кафедрасында сабақ береді.

Жыл сайын гастрольдерінің аясын кеңейтеді. Оның есімін Италия, Испания, Нидерланды, АҚШ, Канада, Түркия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Ресей және ТМД елдеріндегі концерт залдары мен театрларының афишаларынан жиі байқауға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =