БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

0 377

1314841695_zemelnyi-uchastok

Елімізде мүлік пен капиталды жария ету акция­сымен қатар, мемлекеттің қатысуындағы ком­муналдық меншікті жекешелендіру жұмыстары да жүріп жатыр.

Осыдан екі жылдай бұрын Елбасы өз Жолдауында еліміздегі стратегиялық емес нысандарды жекешелендіріп, бәсекелі ортаға тапсыру жөнінде тапсырма бергені белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстар Астана қаласында да жүргізілуде.

Осыған байланысты елордада коммуналдық заңды тұлғаларды жекешелендіру жұмыстары әрі қарай жалғасып жатыр.

Астана қаласы Қаржы басқар­масының мәліметіне сүйенсек, қазірдің өзінде бәсекелі ортаға 11 коммуналдық меншіктегі заңды тұлға беріліп үлгерген. Кәсіби емес активтерді сату жөніндегі жұмыстарды қар­қынды әрі тиімді жүзеге асыру үшін бас қалада 2014-2016 жылдарға арналған жеке­ше­лендірудің кешенді жоспары бекітілген.

Қаржы басқармасының ақпараты бойынша аталған жоспарға сәйкес, Астана бо­йын­ша 38 заңды тұлға жеке­шелендіруге жатады. Олардың ішінде 11-і – 2014 жылы, 7-еуі – 2015 жылы, 20-сы 2016 жылы жекешелендіріледі деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, кешенді жоспарларды орындау мақсатында Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен  квазимемлекеттік сектор субьектілері мен мемлекеттік жыл­жымайтын мүлік нысандарын оңтайландыру бойын­ша комиссия құрылған. Бұл  комиссия коммуналдық мен­шіктегі нысандарды тиімді пайдалануға жан-жақты сараптама жүргізіп, жеке­шелен­діруге жататын басқа да квази­мемлекеттік кәсіп­орын­дарды анықтайтын болады.

Қаржы басқармасының мәлі­метінше, кең ауқымды қамти­тын жекешелендіру үдерісі мынадай нәтижелерге алып келмек: біріншіден, жергілікті атқарушы органдар кәсіби емес активтер мен  өзінің қызметінен тыс жұмыстардан босап, ком­муналдық заңды тұлғалар саны оңтайландырылатын болады. Бұл жергілікті мемлекеттік мекемелердің қызмет сапасын арттыра түспек.

Екіншіден, қала эконо­мика­сындағы осыған дейін мем­ле­кеттің қатысуымен құрыл­ған кәсіпорындардың орны босап, шағын және орта бизнестің дамуына қосымша серпін береді. Сонымен қатар, мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке қо­сымша қаржы түсетіні айтпаса да түсінікті.

Есте ұстайтын жайт, жеке­шелендіру нысандарын сату жөніндегі ережелер бойынша, оларды сату мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша аукцион және тендер түрінде www.gosreestr.kz. веб-порталы арқылы электрондық сипатта өткізіледі. Аталған сайттың электрондық сату бөлімінде жекешелендіруге шығарылған мемлекеттік нысандар жөнінде кеңінен танысып, толыққанды мағлұмат алуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − 8 =