БАС ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

0 320

ERA_0364

Жылдағы дәстүр бойынша қыстың алғашқы күні, Ақорда алдында бас шыршаның шамы жағылды.

Биыл ұйымдастырушылар шыр­ша шамын жағу арқылы балалар мен жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауды б­ас­ты мақсат етіпті. Соның бір айғағы ретінде биылғы шыр­ша шырағданын жағу құрметі әуесқой бокстан әлем чемпио-ны, халықаралық спорт шебері Данияр Елеусіновке бұйырды. «Жылан жылы ел спорты үшін жетіс­тік­терге толы болды. Бүгін­де дүниежүзі Қазақ елін және қазақ­­стан­­дық спорт­шыларды жақ­сы біледі. Толайым табыс­тары­мыз бола берсін. Келер жыл­дан да үлкен жетістіктер мен же­ңіс­тер тілеймін» деп ізгі тілегін жет­кізген жас спорт­шы 25 метрлік шыр­шаны қол ишарасын жасап, сама­­ладай жарқыратты, іле-шала күллі республикадағы шыр­ша­лардың, соның ішінде елор­дадағы елуден аса жаңа­жыл­дық шыршалар жарыққа бөленді.
ERA_0435

Салтанатты шараның құрметі­не «Көңіл-күй құбылы­сы» атты театрландырылған қойылым көр­се­тілді. Жыл­­дың төрт мезгілін бимен бейнелеп, кісі бойымен бір­дей қуыр­шақ­тар жұршылықты ертегі әлеміне жетеледі.
Аяз ата мен Ақшақардың бей­несіндегі актерлер Ғани Құл­жанов пен Анна Бурбукина да жылы лебізде­рі­мен тойдың сәнін аша түсті. Жаңа жыл, ең алды­­мен, балаларға қызықты. Сон­дық­тан мерекелік қойы­лымға қы­зылды-жасылды киінген 4 мың­нан аса елор­да­лық оқушы қа­тысты. Мерекелік көңіл-күй Ме­дет Шәй­ке­лов, Маржан Арапбаева мен Рүстем Жүгінісовтың орын­­дауын­дағы «Спорт, спорт, спорт» әнімен қыза түсті.
Шыршаның шамы жағылған соң, 7 минуттай отшашу болды.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + 20 =