Бас санитар ескертеді

0 12

Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова коронавируспен ауырғандар саны арта беретін болса, карантиндік қосымша шектеу шаралары қабылданатынын атап өтті. Себебі қаңтардың алғашқы онкүндігінде елорда «сары» және «қызыл» аймақтардың шекарасында қалды.

«Жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубация­лық кезең аяқталды, сондықтан коронавируспен ауыратын науқастар саны артып келеді. Бұл – санитарлық нормалардың бәрі бірдей сақталмағанының басты белгісі. Бір жағынан, COVID-19 инфекциясына тест тапсыратын адам саны екі есе өсті, ал екінші жағынан қала тұрғындары мерекелік жаңа жыл күндерінде шектеу шараларын сақтамады. Сондай-ақ айрықша атап өтерлігі – дәрігерлерге өздігінен қаралатын халықтың үлесі артып келеді. Бұл тұрғындардың жауапкершілігі жоғары екенін және коронавирус инфекциясының салдарына алаңдайтынын көрсетеді» деді бас санитар дәрігер. Ол сонымен қатар өз бетімен ем-дом қолдануға болмайтынын, адамдар өздері мен туыстарын және айналасын қорғау үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтап, маска тағу қажет екенін еске салды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =