БАС ҚАЛАНЫҢ ҚҰРДАСТАРЫ БАС ҚОСТЫ

0 134

«Астана құрдастары» байқауы биыл 11-ншi  рет елорда құрдастарының басын қосты. Оған iрiктеу сынынан сүрiнбей өткен 16 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Байқаудың бiрiншi кезеңiнде қатысушылар «Бiз астаналықпыз» тақырыбында әдеби ком­позиция дайындап, өздерiнiң актерлiк шебер­лiктерiн көрсетсе, «Спорт және мен – айнымас достармыз» атты екiншi кезеңде спорттық жаттығулар жасады. «Таланттар мозаикасы» бәсекесiнде жас дарындар өздерiн шығар­машылық қырынан танытты. Нәтижесiнде №56 мектептiң оқушылары Расул Рахым – «Астана сұлтаны», Жiбек Рахимова – «Астана аруы» атанды. Өзге үмiткерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + 19 =