Бас қалаға кіріп-шығу тәртібі

0 45

Елордадағы санитарлық блокпосттар жұмысының жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді.Алгоритмге сәйкес, қала аумағына шығуға/кіруге тыйым салуды қамтамасыз ете отырып, блокпос­тарда санитарлық-карантиндік бақылау жалғасуда, мыналарды қоспағанда: халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері; ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері; карантин аймағына, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан тұлғалар; медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар; көктемгі егіс жұмыстарына жіберілген тұлғалар; Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары; ҚР басқа өңірлерінде тіркелген карантин аймақтарынан шығатын адамдар санитарлық блокпосттарда қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін; патрульдік полицияның еріп жүруінсіз жерлеу мақсатында карантин аймағын кесіп өтетін азаматтар; шет мемлекеттердің азаматтары; карантин аймағына немесе карантин аймағынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан тұлғалар; карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау мақсатында бара жатқан тұлғалар; әуе рейсімен бара жатқан тұлғалар; қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілетін тұлғалар; азық-түлік және азық-түліктік емес тауар­лардың жүк көліктері; транзит.
Сонымен қатар, бекітілген құжатта карантин аймағын кесіп өту бойынша барлық түпкілікті шешімдерді жауапты қызметкерлер блокпостарда қабылдайтын болады.
Нұр-Сұлтан қаласының карантин аймағын кесіп өтетін әрбір тұлға «БЛОКПОСТ» ақпараттық деректер базасында міндетті түрде есепке алынуы тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + 4 =