Бас қалада қылмыс азайды

0 21

2020 жылы қолданылған шаралардың нәтижесінде елордада қылмыс саны 30%-ға азайды. Соның ішінде ұрлық – 54%-ға, тонау 56%-ға төмендеді. Өткен жылдың қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов осылай деп мәлімдеді.

Елордада қоғамдық орындарда, көшелерде, мас күйінде жасалатын құқықбұзушылықтар және кәмелетке толмағандар арасында қылмыс саны едәуір төмендеп отыр. Қылмыстың барлық түрін ашу көрсеткіші де жақсарды. Жол-көлік оқиғаларының саны – 17,2%-ға, оларда зардап шеккендер – 24,9%-ға, қаза болғандар 13,9%-ға азайды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1000-ға жуық жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.
Өткен жылы есірткі қылмысының 903 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 264 кг есірткі заты тәркіленді. Бұл істе полицияға қала тұрғындары белсенді түрде көмектесуде. Олардың қырағылығының арқасында бас-аяғы 109 жарнамалық сайт бұғатталған.
Нұр-Сұлтан полицейлері карантиндік шараларды сақтау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Ол бүгінге дейін жалғасуда. Былтыр мониторингтік мобильдік топтар санитарлық нормалар бұзылуының екі жарым мыңнан астам фактісін анықтады.
Ал 2021 жылды бас қаланың тәртіп сақшылары «Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы» деп жариялап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × three =