©2020 Астана Ақшамы
БАС ҚАЛАДА ҚОЛ ЖЕТЕР БАСПАНАҒА
Астана күні қарсаңында бас қаламызда төрт заманауи тұрғын үй кешені пайдалануға берілмекші.
Атап айтқанда, олар: Қабанбай батыр даңғылындағы 56 пәтерлік, жалпы көлемі 8659,5 шаршы метр «Триумфальды», Ақбұлақ шағын ауданындағы 60 пәтерлік, жалпы көлемі 7061,2 «Милан орамы», Сығанақ көшесінің оң жағында орналасқан 172 пәтерлік, жалпы көлемі 21716 шаршы метрлік «Ағылшын орамы» және Тельман тұрғын үй алабындағы «Саранда» VIP-қалашығы.
Жыл сайын атаулы мереке қарсаңында, Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын қоса есептегенде, 1 миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі.