БАС ҚАЛАДА – «ЛАСКАЛА»

0 104

Nicoletta Manni

Бірер күнде аты аңызға айналған миландық театр ұжымы Астанаға келеді. Гастролдік сапар аясында «Teatro alla Scala» мен «Teatro di San Carlo di Napoli» басшылары «Астана Опера» театрымен әріптестік меморандумына қол қояды.

Театр сүйер қауымға белгілі, өткен айда ғана елордалық өнер ұжымы «La Scala» театрымен бірігіп Дж. Пуччинидің «Тоска» операсын қойған еді. Енді алдағы күз айында қос өнер ордасы Дж. Вердидің «Аида» операсының тұсауын кеседі. Оның қоюшы режиссері – италиялық Франко Дзеффирелли.

– «Астана Опера» театрымен танысып, шығармашылық байланыс орнату, әріптестігімізді арттыру – үлкен құрмет, – дейді «San Carlo» опера театрының директоры Розанна Пуркиа. Оның айтуынша, елордалықтарға алдағы жылы Моцарттың «Реквием» балетінің тұсауын кесу жоспарланған. Ал «Астана Опера» театрының труппасы қонақ ретінде «Teatro di San Carlo»-да «Күзгі Билер 2015» фестиваліне қатысады. Бұдан бөлек қос театр Г. Доницеттидің «Lucia di Lammermoor» қойылымын бірігіп қоюға уағдаласып отыр. Аталмыш қойылым ерекше болатыны сөзсіз. Себебі, қоюшы режиссері – «Оскар» сыйлығының үздік шетелдік фильмі бойынша номинанты Джанни Амелио. Ал, сценографы – Никола Робертелли.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − two =