Бас қалада – «БУХАРЕСТ», Бухарестте – «НҰР-СҰЛТАН»

0 42

Қазақстан мен Румыния елдері арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан да нығая түсті. Нұр-Сұлтан қаласында «Румыния – Бухарест» атындағы саябақ ашылды. Ал румын елінің астанасында «Нұр-Сұлтан» атындағы саябақтың ашылу салтанаты өтті.

Елордадағы саябақ Есіл ауданында ашылып отыр. Оның салтанатты ашылуына аудан әкімі Берік Жәкенов пен Румынияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чезар Маноле Армян қатысты. Қос елдегі саябақтардың ашылуы онлайн түрде өтті. Астанадағы жаңа саябақ «Жасыл орам» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан.
– Екі ел арасында игілігі мол бастама жүзеге асып отыр. Қазақтың әйгілі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ескерткішін Бухарест қаласына орнату елшілік тарапынан ұсынылған еді. Бұл ұсыныстың қолдау тап­қанына қуанып отырмыз. Енді Нұр-Сұлтан қаласына румын халқының әйгілі классик ақыны Михай Эминескудың ескерткішін қоюды жоспарлап отырмыз, – деді Румынияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 2 =