Бас қалада біріншілік өтті

0 116

Нұр-Сұлтанда дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық спортшы қатысты.Жалпы, жапон жекпе-жегінен мұндай жоғары деңгейдегі ел чемпионаты 2018 жылдан бері түрлі себептермен ұйымдастырылмай келген еді. Одан соң пандемия да осынау олимпиадалық спорт түрінен жарыстар өткізуге кедергісін тигізді. Бұл дегеніміз еліміздің дзюдодан беткеұстарлары бас қалаға ұзақ уақыттан соң жиналып отыр. Көп күттірген чемпионатта ерекше көзге түскендер дзюдодан ұлттық құрамаға алынды.
– Бұл – ұлттық құрама командаға резерв. Әрі қарай жеңімпаздар халықаралық турнирлерге қатысады. Бұлардың арасында олимпиадаға үміткерлер бар, – деді ҚР МСМ Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.

Осы жарыс тәжірибесінен соң біздің дзюдошылар өз деңгейіне келеді деп ойлаймын. Аталған ел біріншілігінде әйелдер – 48 және 52, ерлер 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + sixteen =