БАС ҚАЛА БАҚЫЛАУДА

0 101

2

Астанада жыл басынан бері «Қала тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесінің» көмегімен 138 қоғамдық тәртіп бұзушылық тіркелді. Аталған жоба елордада қауіпсіздік пен коммуналдық қызметтердің жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүзеге асуда.

Әлемдегі «Smart» қалалардың қатарына қосылуға мүмкіндік беретін қанатқақты жоба аясында қауіпсіз қала прототипінің сегменті ретінде Қабанбай батыр даңғылы – Сығанақ –Сауран – Алматы көшелерінің қиылысы алынған. Ол кейін қаланы тұтастай қамтитын болады. Аталған аумақта 113 бейнебақылау камерасы орнатылған. Барлық сигналдар онлайн-режимде басқару орталығына жіберіледі. Өз кезегінде оператор камера арқылы кез келген құқықбұзушылықты анықтап, қажет болған жағдайда тиісті шара қабылдайды. Сондай-ақ, аталған аумақта электр энергиясы мен су жүйесін онлайн бақылау құралдары да орнатылған.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − 8 =