«Барыстың» болашағы жарқын

0 24

«Барыс» хоккей клубы халықаралық мәртебелі жарыстарда өнер көрсетіп, елдік мерейімізді көтеріп жүр. Онымен тең түсетін бірде-бір команда жоқ.

2015 жылдың 8 тамызында «Барыс Арена»-ның ресми ашылу салтанатына Елбасы Н.Назарбаев қатысты. 11 000 көрерменге арналған мұз сарайын аз уақыттың ішінде баскетбол, волейбол немесе шағын футбол алаңына айналдырып жіберуге болады. Тіпті ринг құрып бокс кеші мен сахналық алаң жасауға да келеді. Жаңа аренадағы алғашқы ресми жарыс –Президент Кубогы өтуі болды. Ол жарыста «Барыс» жеңімпаз атанды. Ең алғаш рет Президенттің алдында сайысқа түсу оңай болған жоқ, аздап қолбалжыдым. Жиналған жұрттың қарасы қалың еді. Жанкүйерлердің қолдауы мен қошеметінің арқасында жеңіске жеттік. Осындай спорт кешені азаматтарымыздың жаттығуына, шынығуына, әлемдік додаларда көк туымыздың желбіреуіне жетелейді.

Борис ИВАНИЩЕВ,
«Барыс» хоккей клубының президенті</p>

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 11 =