«Барыс» қайда ойнайды?

0 13

Құрлықтық ­хоккей лигасында өнер көрсететін елордалық «Барыс» жаңа маусымға да­йындығын бастады. КХЛ чемпионаты 2020 жылғы 3 қыркүйек – 2021 жылғы 27 ақпан аралығында өтетін болды.

COVID-19 жағдайына байланысты көктемде Гагарин кубогы турнирінен бас тартқан қазақстандық «Барыс» хоккей командасының 2020-2021 чемпионатына қатысатыны мәлім етілді. Жақында тағайындалған команданың жаңа бас бапкері Юрий Михайлис оқу-жаттығу жиындарын бастады. Әзірге команда сапына қазақстандық хоккейшілер ғана жиналды. Легионер ойыншылар шақыру бойынша келетін болады.
Бір айтарлығы, «Барыс» командасының өз алаңындағы ойындарды қайда өткізетіні әлі белгісіз болып отыр. Өйткені Қазақстандағы коронавирус жағдайы КХЛ басшылығын алаңдатып отырған көрінеді. Осы жағдайға байланысты бірқатар ресейлік қалалардан «Барысқа» арена беру жөнінде ұсыныстар да түсіп отыр. Бұл жағдай қазақстандық жанкүйерлерді де алаңдатып отырғаны сөзсіз.
«Барыс» чемпионаттың алғашқы ойынын 3 қыр­күйекте Ригада жергілікті «Динамо» командасымен өткізсе, келесі ойынды өз алаңында Қытайдың «Куньлунь» командасымен өткізуге тиіс. Ал орын алып отырған жағдайға байланысты бұл матчтың қайда өтетінін кейін хабарлайтын боламыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + 18 =