«Барыс» келесі кезеңде

0 27

КХЛ чемпионатында ел намысын қорғап жүрген астаналық «Барыс» хоккей командасы Гагарин кубогы үшін басталған плей-офф ойындарының бірінші кезеңінде «Металлург» командасынан басым түсті.Төрт жеңіске дейін жалғасатын плей-офф ойындарын Нұр-Сұлтанда бастаған «Барыс» хоккейшілері алғашқы ойында қонақтар қақпасына төрт шайба соғып, айқын басымдықпен ұтқан еді. Алайда екінші кездесуде 0:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Магнитогорск қаласында өткен үшінші және төртінші ойындарда «Барыс» алдымен овертаймда жеңісті жұлып алса, келесі матчта да алаң иелерін 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Ал регламент бойынша бесінші ойын Нұр-Сұлтанда өтіп, жерлестеріміз «Металлург» хоккейшілерін 5:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, жалпы есеп 4:1 болып, «Барыс» келесі кезеңге ертерек шығып қойды.
«Барыстың» келесі қарсыласы «Сибирь» (Новосибирск) немесе «Авангард» (Омск) болады. Шығыс дивизионы бойынша ширек финалдық ойындар 15 наурыздан кейін басталады. «Барыс» бірінші және екінші ойындарды өз алаңында өткізетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 2 =