«Барыс» карантин шектеуін күтеді

0 12

КХЛ президенті Алексей Морозов астаналық «Барыс» хоккей клубының жаңа маусымға қатысатынына алаңдаушылық білдірді.«Қазақстандағы, сондай-ақ КХЛ чемпионатына қатысатын басқа елдердегі жағдайды ұдайы назарда ұстап отырмыз. Бізді Қазақстандағы жағдай алаңдатып отырғанын жасырмаймыз. Алайда «Барыс» чемпионаттан бас тартып отырған жоқ. КХЛ-дың жаңа маусымы енді біржарым айдан кейін басталады. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы эпидемиялық жағдай түзеледі деген ойдамыз. Қазақстандық команданың маусымалды жаттығу-жиынына мүмкін бір өзгерістер енгізілетін шығар. «Барыс» негізі тұрақты чемпионатқа қатысудан бас тартып отырған жоқ. Жылда өтетін дәстүрлі «Қазақстан Президентінің Кубогы» турнирін өткізуді де жоспарлап отырғаны белгілі» деді КХЛ.ru ақпарат агенттігіне берген сұхбатында А.Морозов.
Өткен маусымда Гагарин кубогының екінші айналымына өтіп, жанкүйерлерін қуанышқа бөлеген «Барыс» командасы елдегі төтенше жағдайға байланысты әрі қарай жарысты жалғастырудан бас тартқан еді.
Ал қазіргі жағдайда команданың ойыншылары жеке жүйедегі жаттығуда жүр. Елдегі карантин шектеуі аяқталғаннан кейін команданың жаңа маусымдағы жоспары жарияланады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 − one =