«Барыс» бабында тұр

0 20

Континенталдық хоккей лигасында ойнайтын елордалық «Барыс» командасы сырт алаңда төрт рет қатарынан жеңіске жетті.«Барыс» сырт алаңда бес ойын қатарынан өткізіп келді. Төрт ойында алаң иелерін тізе бүктірді. Атап айтсақ, алдымен «Сочиді» 4:1 есебімен ұтса, араға екі күн салып «Авангард» командасын 3:2 есебімен жеңді. Хельсинкиде «Йокерит» клубын – 4:2, «Торпедо» командасын 4:0 есебімен жеңді.
Өкінішке қарай, Мәскеуде өткізген соңғы ойында «Спартак» командасына 3:1 есебімен жол беріп қойды.Енді сырт алаңда атой салған «Барыс» жыл соңына дейінгі төрт ойынды Нұр-Сұлтанда өткізеді. Ертең КХЛ лидері СКА командасымен ойнаса, 27 желтоқсанда Мәскеудің «Динамо», 29 желтоқсанда «Автомобилист», 30 желтоқсанда Қытайдың «Куньлунь» командаларымен кездеседі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды