«Барыс» бабына келгендей…

0 25

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын елордалық «Барыс» хоккей командасы төртінші рет қатарынан жеңіске жетті.

Сырт алаңда өткізген соңғы екі ойында мықты командалармен кездескен «Барыс» жанкүйерлерін тағы да қуанышқа бөледі. Бірінші ойында Мәскеуде «Динамо» клубын 2:0 есебімен жеңсе, өткен сенбіде «Витязь» командасымен ойынның негізгі уақытында 4:4 болып тең түсті. Ал овер-таймда елордалықтар алаң иелерін сан соқтырып кетті.
«Барыс» бүгін Нұр-Сұлтанда «Трактор» (Челябинск) командасын қабылдайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 2 =