©2020 Астана Ақшамы
«Барыс» алғашқы ойында сүрінді
КХЛ чемпионатының Гагарин кубогы үшін плей-офф ойындары басталды.
«Барыс» бірінші ойынды Магнитогорск қаласында өткізіп, жергілікті «Металлург» командасынан 7:4 есебімен жеңіліп қалды. Бүгін екінші қарымта ойын өтеді.
«Барыс» өз алаңындағы қарымта ойындарды 6 және 8 наурыз күндері өткізеді.
Плей-офф ойындары төрт жеңіске дейін жалғасады, яғни төрт рет жеңіске жеткен команда келесі кезеңге шығады.