©2020 Астана Ақшамы
Баронесса Саида ВАРСИ, Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің аға мемлекеттік министрі: «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ҮЛЕС ҚОСҚЫМЫЗ КЕЛЕДІ
– Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінде Қазақстан өзіндік даралығы мен ерекшелігін паш ететін болса, онда бұл шараның табысты өтетіндігіне күмән жоқ. Келген адамдар Қазақстанның тек экономикалық жетістіктерін көрмеуі тиіс. Олар бұл елдің қонақжайлығын, онда тұрып жатқан адамдардың ерекшеліктерін сезініп, жағымды әсерде қайтуы қажет. Әрине, бұл көрмеге біздің де компаниялар қатысатын болады. Британдық «AEDAS» компаниясы қазірдің өзінде «Жасыл орам-EXPO Village» құрылысын салу үшін тендер ұтып алды. Біз өз тәжірибемізбен шын көңілден бөлісетін боламыз. Ұлыбритания «ЭКСПО-2017» көрмесіне айтарлықтай зор үлеспен қатысқысы келеді.