БАРМАҚ БҮГІЛМЕСЕ, САУСАҚ ТА БІРІКПЕЙДІ

0 132

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ1

Тәуелсіздік сарайында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қою рәсімі аясында өткен брифингте отандық және шетелдік сарапшылар аталмыш жобаның тиімді тұстарын талқылады.

Алдымен сөз алған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев басшылыққа алынған негізгі қағидалармен таныстырды. Оның айтуынша, одаққа мүше елдің саяси құрылымына құрметпен қарау, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, тараптардың ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету, адал бәсекелестікті сақтау – басты қағида. Ауқымды құжат негізгі төрт бөліктен тұрады. «Біріншісі – одақты құру, яғни, институционалдық бөлігі. Екіншісі – Кеден одағы, үшіншісі – Бірыңғай экономикалық кеңістік, төртіншісі – өтпелі қорытынды қағидалар. Келісім жобасының институционалдық бөлігінде одақтың субъектілік құқығына ие аймақтық ықпалдастық, халықаралық ұйым екендігі көрсетілген» дейді ол.

Айта кеткен жөн, Еуразиялық экономикалық одақ аясында бұған дейін жұмыс істеп келе жатқан Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік органдарының негізінде төрт орган құрылмақ. Рақым Ошақбаевтың мәлімдеуінше, оның біріншісі – мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы кеңес, екіншісі– үкіметаралық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия және Еуразиялық экономикалық одақ соты болады.

– Аталған органдарды қаржыландыру тараптардың үлестік жарналарынан жиналатын одақтың бюджетінен жүргізілмек. Ал келісім жобасының қызметінде агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, еңбек миграциясы, валюта саясаты, қаржы нарығын реттеу, бәсекеге қабілетті саясат, табиғи монополиялар, қызметтер мен инвестициялар саудасы, салық, сыртқы сауда саясаты, экономикалық саясат және энергетика салалары бойынша бірнеше бағыттар қамтылған, – дейді ол. Сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары одақ аясындағы қазақстандық бизнестің даму перспективаларына да кеңінен тоқталды.

Содан кейін сөз алған Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Нұрлан Ерімбетов еліміздің экономикалық одаққа қосылуының тиімді тұстарын тарқатып берді. Оның айтуынша, мұндай бәсекелестік ортаға кіру қоғамды одан әрі біріктірмек. «Еуразиялық одақ елдің игілігін көздейді. Атап айтқанда, интеграция қатысушы мемлекеттердің экономикасын нығайтуға, әлеуетін арттыруға бағытталған» дейді ол.

Жиында белгілі болғандай, Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерi құрып отырған Еуразиялық экономикалық одаққа бiрiншi болып Армения кiрмек. Одан кейiн Қырғызстан мен Тәжiкстанның да оң қабақ танытып отырғаны шындық. Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиеваның айтуынша, жалпы дүниежүзінде 200-ден астам түрлi деңгейдегi ықпалдастық ұйымы бар. Әрине, бұл – экономикалық қажеттiлiктен туындаған дүние. Оның үстіне, үлкен нарық дамудың жоғары қарқынын көрсетеді дейді мамандар. «Бүгiнде қырыққа жуық мемлекет Кедендiк одақпен еркiн сауда аймағына кiруге ниет бiлдiрiп отыр. Атап айтсам, Түркия, Үндiстан, Жаңа Зеландия, Вьетнам және тағы басқалары бар. ЕАЭО-мен сауда қатынасын орнатуға Оңтүстiк Американың ең iрі «Меркосур» интеграциялық ұйымы да ниеттi» дейді институт директоры Ж. Құсманғалиева.

Брифингте Нидерланды, Мысыр, Израиль, Австрия, Ресей елдерінен келген ғалымдар да өз ойларымен бөлісті. Мәселен, Израиль инфрақұрылым министрлігінің аға үйлестірушісі, саясаттанушы Юрий Бочаров Қазақстанды бірінші болуға ұмтылған ел екенін алға тартты. Айтуынша, біздің елдегі саяси жағдайларды үнемі бақылауда ұстайды екен.

Зеэв ХАНИН, Абсорбация министрлігінің бас ғалымы, Израиль:

хе– Бүгінде Қазақстан интеграция алаңына айналды. Әрине, Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндігі мен әлеуеті ұшан-теңіз. Себебі, үш ел біріккен жағдайда постиндустриялық экономика шарықтай түсетіні белгілі. Менің ойымша, Израиль бұл интеграциядан тыс қалмағаны жөн. Өйткені, Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары екі есеге артты. Тек энергетика саласында ғана емес, сондай-ақ, медициналық технология, биотехнология және «Hi Tech» салалары да қарқынды дамып келеді.

Анна ЦАЙТЛИНГЕР, Қазақстан-Австрия қауымдастығының мүшесі:

ба

– Өзара кедендік кедергілерді жойып, ел экономикасын көтеруге Экономикалық одақ жол ашады. Еуразиялық экономикалық одақтыңәр тарапқа тигізер пайдасы көп. Алып нарыққақадам басу – Қазақстанүшінүлкен мүмкіндік. Индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында шағын және орта бизнесөкілдерінің саны артып, отандық кәсіпкерлердіңөнімдеріәлемдік нарықта сұранысқа ие болады. Қазіргі уақыттыңөзінде мұнда шетел мемлекеттерініңқатысуымен отызға жуық инновациялық жоба іске асырылуда. Бұдан былай даөзге елдердіңҚазақстан нарығына дегенқызығушылығы арта бермек. Бұлөз кезегіндеҚазақстанның инвестициялық тартымдылығын жоғарылатады.

Сергей РЕКЕДА, Ломоносов атындағы ММУ Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры:

ши– Қазақстан дамушы мемлекеттердің брендіне айналды. Осыүрдісті Еуразиялық экономикалық одақтың экономикасына тартуқажет. Аталмыш жобаға шет мемлекеттер оң бағасын беруде. Еуразиялық интеграциянықазіргі таңда Еуропа да мойындап отыр. Экономикалыққарым-қатынастар негізіндеқұрылған одақтың жұмыс күші мен капиталының және тауардың еркін айналымындақоғамның араласып-құраласатыны – қалыпты жағдай. Осы тұрғыда бүгінгі Еуразиялық экономикалық одақ алпауыт күшке айналатынына сенемін.

– Үш елдің бір экономикалық одаққа бірігуі нақты қадамдар жасауға мүмкіндік береді. Ал, экономикалық жағынан тәуелсіз болу әр елдің мүмкіндігіне және оның Президенті жүргізетін саясатқа тікелей байланысты. Мен Астананың болашақ даму жоспарымен таныстым. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсаты айқын әрі елдің мүмкіндігі де зор екен, – дейді саясаттанушы.

Сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өткен панельді сессия кезінде ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, Даму банкі басқармасының төрағасы Сергей Румас және Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Виктор Христенко Еуразиялық одақтың табысы мен ықпалдастықтың күрделі мәселелерін ортаға салды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + three =