Барлық жетістіктерімнің баспалдағы

0 121

Тимур ОРАЗАҚОВ, қалалық мәслихаттың депутаты­

Халық үшін ыңғайлы болсын деп, біз бірнеше жерден қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашқан болатынбыз.­ Ондағы мақсатымыз халыққа тиімді әрі жылдам қызмет көрсету еді. Менің округым Көктал мен Өндіріс тұрғын алаптарын­ қамтып жатқандықтан, екі тұрғын алапта да қоғамдық қабылдау бөлмесін ашып қойдық. Бұл шынымен халықтың өз депутатымен тығыз байланыста­ болуына үлкен ықпалын тигізді. Сайлаушыларым­ коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдардың мәселелері жөнінде жиі шағымданады.

Биылғы қыстың қары көп болған­дықтан, жолдардың қар басып қалуы, үйлерінің маңайын қармен жауып тастағаны жөнін­де көптеген шағымдар келіп түсті. Біз мерді­гер­лік ұйым­дар­дың күшімен бұл келеңсіз жағ­дай­лар­дың алдын алып, тез арада өз қол ұшымызды көрсетуге тырыстық. Тұрғын үйдің кон­доми­­ниу­мын жасауға, баланы балабақшаға орналастыруға, жол салып беру, көшелерге жарық орнату, орталықтандырылған жылу жүйесіне, газ жүйесіне қосу туралы көптеген өтініштер түсіп жатады. Өз құзыретіне байланысты тиісті мекемелерге сұрау салып, өтініш біл­ді­руші­лерге жауабын беріп жатамыз.

Өз құзыреті шегінде тұрақты комиссия заңдылықты, құқық тәртібін нығайту бойынша нор­ма­тив­тік құқықтық актілерді іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Міндетті ережелерді әзірлеуге қатысады, ол ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауап­кер­­ші­лік қарас­ты­ры­лады, осы ережелердің сақталуына қада­ғалау жасайды. Қалалық мәсли­хат­тың қарауына енгізіл­ген мем­ле­кет­тік және қоғам­дық тәр­тіп­ті, азаматтардың құқық­та­ры мен заңды мүдделерін қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету бой­ын­ша мәселелерді дайындауға қатысады. Қалалық мәслихаттың қоғамдық бірлестіктермен, үкімет­тік­ емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Жинақталған депутаттық қыз­мет­тің тәжірибесін ескере отырып, комиссия мәжілісіне енгі­зі­летін мәселелерді талқыламас бұрын, қала департаменттері, басқармалары, қоғамдық бірлес­тік­тер,­ бұқаралық ақпарат құрал­да­ры мен азаматтардың қаты­суы­мен жария тыңдаулар өткізу тәжірибесі енгізілді.

2010 жылдың қазанынан бастап ағымдағы жылдың қарашасына дейінгі есептік кезеңде қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, өз құзыреті шеңберінде 6 мәжіліс өткізіліп, онда 10 мәселе қаралды. Комиссия мүше­ле­рі қа­ла­лық мәслихаттың 22 бір­лес­кен тұрақты және тексеру комис­сия­ла­рының мәжілістеріне қатыс­ты. Комиссия қызметінде құқық тәртібі және азаматтардың құқықтық тәр­бие­сі мәселелері бойынша өңір­лік бағ­дар­ла­ма­ларын іске асыруға ерек­ше назар аударылды. Мәслихат бекіт­кен 2011-2013 жылдарға арнал­ған «Астана қаласында құқық бұзу­­шы­­лықтың алдын алу» Бағ­дар­ламасы туралы» өңірлік бағдар­ла­масы, 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағ­дар­ла­масы комиссияның тұрақ­ты­ бақылауында.

Сонымен қатар тұрақты комис­сия­ларда бұрын қабылданған мәсе­ле­лер де бақылауда: бұл Алматы және Сарыарқа аудандарының қорғаныс істері жөніндегі басқар­ма­ларын орналастыру үшін ғимарат құрылысына қаражат бөлу немесе бар ғимараттардан орын беру мүм­кін­дігін қарастыру. Қазір­гі уақытта Астана қаласының әкім­дігі қорғаныс істері жөніндегі бас­­қар­­ма­сы ғимаратының құры­­лы­сы үшін аумағы 2,5 га. шақыру пункттері үшін жалпы­ алаңы 10 000 мың шаршы метр жер учаскесін Қырқыншы стан­ция­сын­дағы темір­жол вокзалы ауданынан бөлді, техникалық-эко­но­ми­ка­лық негіз­демесін әзір­леу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, есептік кезеңде тұрақ­ты комис­сия­­мен қаралған басқа да мәселелер болады.

2010 жылдың наурызында комис­­­сия «Астана қаласының Мұра­ғат­тар және құжаттамалар бас­қар­­ма­сының мұрағат құжат­та­рын тұрақты сақтау және пайда­ла­нуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы» мәселесін қарастырды, комис­сия қаулысымен экономи­ка және бюджеттік жоспарлау­ бас­қар­ма­сы­на мұрағаттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға қосым­ша қажетті қаражаттар бөлу ұсы­нылды.

Өткен кезеңде комиссия мәжі­лі­сінде «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтау бойынша жұмысы туралы» мәсе­лесі қарастырылды. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туын­да­та­тын себептерді жою бойынша жұмыстарын жетіл­ді­ру мақсатында, тұрғын үй басқар­ма­сына келіп түскен өтініш­тер­ді жүйелі тексеру, талдауды жүзеге асыру қажет екендігі айқындалды. Азамат­тардың өтініштерін объек­тив­ті және уақытылы қарас­ты­ры­луын қамтамасыз ету, бұл мәселеде бюрократизм мен әуре-сарсаңға салуды болдырмау сияқты және тағы басқа да жайлар­ды қарас­ты­рып жүзеге асырып жатырмыз.

Өзім Астана қаласында отбасымды құрдым. Балаларым осы қалада дүниеге келді, жалпы барлық бас­тау­ларым осы жерде өтті десем,­ қателеспеспін. Спорттық мансабым да Астана­ қаласымен байланыс­ты, алғаш рет автокөлік спортына қызы­ғу­шы­лық танытып, ол талабымды кәсіби дәрежеге жеткізіп, қалалық, респуб­ли­калық деңгейде чемпион атандым. Қоғамдық, саяси баста­маларым да әрі көркем, әрі жас еліміздің бойтұмары Астана қала­сымен тығыз байланысты. Иә, бұл қала – менің де бойтұмарым. Бұл қала мен үшін көп нәрсе берді, көп бастамаларға жол ашты, мен де қаламыздың көркемдігі асып,­ беделінің асқақтауы үшін қолым­нан­ келгеннің барлығын жасаймын. Астанада барлығы жоғары стандарттармен жасалу керек, қай саласын алмасаңыз да өте жоғары талаптарға сәйкес болуы керек.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 3 =