Барлығымыз бірдейміз, киімге қарап бөлмейміз!

0 104

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын мектепке дайындық шаралары қызу жүргізіліп жатыр. Астананың 82 мектебі де (оның 70-і – мемлекеттік, 12-сі – жекеменшік) биыл мектеп формаларын кию идеясын жүзеге асыра білді.

Қазір 70 жалпы білім беретін мектептің 29-ы (атап айтқанда, №4, 7, 15, 17, 18, 20, 23, 24, 26, 29, 32, 35, 36, 37, 40, 41, 42, 46, 47, 52, 53, 54, 56, 60, 61, 64, 67, 70 және қыздарға арналған ҚТЛ) толығымен бірыңғай формаға көшті. Сондай-ақ, оған қалған 11 мектептің 1-4 және 5-9 сыныптары жартылай көшіп отыр. Ал, 27 мектеп классикалық ақ-қара форма киетін болды. Оның ішінде «Зерде» және ұлдарға арналған ҚТЛ де бар.

Бұлар – жай форма емес, оқушыларға арналған іскерлік үлгідегі киім; әрбір оқушының әр нәрсеге бір алаңдамай, білімге ден қоюына және тәр­тіпті қалыптасып, дамуына мүмкіндік береді.

Әрбір мектеп оқушылары ата-аналармен бірлесіп, форманың үлгісін белгілейді. Тұрмысы төмен және көп балалы отба­сылардан шыққан балаларға мектеп формалары демеушілік көмектің, мектеп формасын тігетін фирмалардың арқасында немесе жаппай оқу қоры қар­жысының есебінен сатып алынады.

ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес, оқушыларға арналған мектеп формасын енгізу мәсе­лесі білім мекемесінің құзырына жатады және міндетті түрде Жарғыда жазылады.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Аз-кем анықтама

«Мектепке жол» акциясы басталғалы бергі бес жыл ішінде Астана қаласы бойынша 17 мыңға жуық балаға көмек көрсетіліпті. Мысалы, былтыр 6 мыңдай оқушы мектепке керек-жарағын түгендесе, биыл сондай көмекке мұқтаж 8 мың баланы қамту жоспарланған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + 9 =