БАРЛЫҒЫ ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

0 1  861

Мектеп ішін тазалап, ауласын қоқыстан арылту мақсатымен бізде бір айлық жоба қолға алынған еді. Жобаның алғашқы шарасы сәуір айының 10-ы күні басталып, 7«А», 10«Б» сыныптарының ұйымдастыруымен «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты 5-11 сыныптарға арналған лездеме өткізілді. Мектебіміздің барлық сыныптарында «Барлығы тазалықтан басталады» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелері таныс-тырылды. Кейін 13 сәуір күні мектепішілік сенбілік ұйымдастырылды. Бұл сенбілікте оқушылар мектеп айналасын қоқыстардан тазарту, талдың түптерін қопсыту, ауланы сыпыру сияқты жұмыстар жасады. Сонымен қатар, «Мектебімізді жасыл желекке бөлейік!» атты акция жүріп жатыр. Ал, 20 сәуірге жоспарланған жалпықалалық сенбілікке «Біз таза қаланы қолдаймыз!» деген ұранмен мектептен 50 мұғалім және 700 оқушы атсалысады. Сонымен қатар, 1-11 сынып оқушылары ата-аналарын таратылған хаттармен таныстырып, барлығын қаламызды таза ұстауға, сенбілікке шығуға шақыруда.

Еркеназ СМАИЛОВА,
№56 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Білім ордаларының белсенділігі басым

Астана қаласының Білім басқармасы елорда көшелерін абаттандыру мен санитарлық тазалау жөніндегі экологиялық айлықты, жалпықалалық сенбілікті қолдау барысында білім беру ұйымдарының педагогтарын, оқушыларын және студенттерін жақсы ұйымдастыруда. Игі іске олардың бәрі бір кісідей атсалысып жатыр.

Оқушылар өздерімен бірге ата-аналарын, таныстарын тартып, сенбілік үшін түрлі акциялар, ізгі бастамалы іс-шаралар өткізіп келеді. Солардың бірі – ата-аналарға арналған флаэрлер тарату. Оларды қаладағы 70 мектепте және жекеменшік мектептерде білім алып жатқан 89 мың оқушы өз ата-аналарына жеткізді.

Экологиялық айлық кезінде мектеп топтары арасында «Таза қала – 2013», отбасылық топтар арасында «Жанұяммен бірге таза қала үшін!», «Қамқорлық» және «Қайырымды істер академиясы» акциялары ұйымдастырылды. «Таза қала – 2013» акциясы барысында барлығы 68 мың оқушы әр топқа бөлініп жұмыс істеді. Оның ішінде 1-5 сынып оқушылары сынып бөлмелерін, өздері отыратын парталарын жуып, тазарту, гүлдерді баптау; 6-11 сынып оқушылары мектеп маңын тазалау; студенттер аулаішілік жұмыстарды жасау істерімен айналысты. Шараны өткізу барысында мектептер мен колледждер аумағында музыкалар ойналып, оқушылар түрлі-түсті галстуктер мен сенбілік символы болған жасыл шарфтар тағып жүрді. Ал, «Қамқорлық» акциясы барысында қаладағы колледждің студенттері 10 соғыс ардагерінің үйлерін жинастырып, аулаларын тазартса, «Қайырымды істер академиясы» акциясы кезінде колледждердің ең үздік 110 студенті Алматы ауданы бойынша «Пушкин-Тұран» көшелерінің қиылысында ағаш отырғызу жұмысына қатысты.

Мұндағы мақсатымыз – қала тұрғындарының тайлы-тұяғы қалмай, аула тазалығы үшін сенбілікке шығудағы белсенділігін арттыру. Осы акцияларға атсалысудағы ата-аналардың белсенділігі олардың біздің сайтқа жолдаған пікірлерінен айқын аңғарылады.

Астана қаласының Білім басқармасы

АЯНБАЙ АТСАЛЫСАМЫЗ

Экологиялық айлық аясында өтетін 20 сә­­­уірдегі Астана қаласының аумағын абаттанды­­ру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жал­­пықалалық сенбілігіне «Астана Су арнасы» ме­­кемесінің қызметкерлері белсене қатыспақ. Ұжым мүшелері қай-қайсы да елорданың атына за­­ты сай болғанын қалайды және сол бағытта еңбек етеді.

Нақтырақ айтсақ, бас шаһардың тазалығын, көр­­кін, әрін келтіру үшін қолға алынған сенбілікке біздің ұжымнан мыңнан астам қыз­­мет­­кер шығады. Бәріміз атсалысатын шараға мамандандырылған арнайы техникаларымыз да жұмылдырылмақ. Мәселен, он екі «КамАЗ» ауыр жүк көлігі, алты тиеу машинасы және алты трактор бөлінеді.

Сенбілік кезінде «Астана су арнасы» МКК жұмысшылары Абай даңғылы, Циолковский, Кенесары және М.Ломоносов көшелерінің бойындағы күл-қоқыстарды тазалап, сыпыруды жоспарлауда.

Қалалық су арнасы кәсіпорынның қыз­мет­­кер­­лері экологиялық сенбілікке үнемі белсене қа­тысатындығын атап айтқан жөн. Өзіміз тұ­­рып, жұмыс істейтін аумақтың инженерлік коммуникацияларын, кәріздерін тұрақты ба­­қы­­лауда ұстап, жиналып қалған қоқыстарды жү­­йелі тазалап отырамыз.

Бақыт НИЯЗОВ,
«Астана су арнасы» МКК баспасөз
қызметкері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + 18 =